Раиси: Иран Украинада бейбітшілік орнату үшін дипломатиялық тұрғыдан көмектесуге дайын
(last modified Mon, 28 Feb 2022 11:48:41 GMT )
Ақп 28, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Украинада бейбітшілік орнату үшін дипломатиялық тұрғыдан көмектесуге дайын

Иран Президенті: "Иран Украинадағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген дипломатиялық талпынысты қолдайды және бейбітшілікті қайтаруға көмектесуге дайын",-деді.

Раиси Министрлер кабинетінің отырысында: "ИИР өзінің сыртқы саясатының түбегейлі принципі негізінде басқыншылық пен экспансияға қарсы және барлық ұлттардың өз тағдырын анықтау құқығын қолдайды",-деді.

Иран Президенті: "Иран  НАТО-ның бірнеше онжылдық бойы жүргізіп келе жатқан экспансиялық саясатына қатысты алаңдаушылықты түсіне отырып, барлық елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығы сақталуы қажеттігін баса айтады",-деді.  

Иранның атқарушы билігінің басшысы: "Иран барлық тараптардың халықаралық міндеттемелерге шынайы түрде берік болуы және дипломатиялық қатынастарды сақтауын қазір Украинада қалыптасқан дағдарыстан шығудың жалғыз әділетті жолы деп санайды",-деді.