Раиси: Иран Украинада бейбітшілік орнату үшін дипломатиялық тұрғыдан көмектесуге дайын
Иран Президенті: "Иран Украинадағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге бағытталған кез келген дипломатиялық талпынысты қолдайды және бейбітшілікті қайтаруға көмектесуге дайын",-деді.
Раиси Министрлер кабинетінің отырысында: "ИИР өзінің сыртқы саясатының түбегейлі принципі негізінде басқыншылық пен экспансияға қарсы және барлық ұлттардың өз тағдырын анықтау құқығын қолдайды",-деді.
Иран Президенті: "Иран НАТО-ның бірнеше онжылдық бойы жүргізіп келе жатқан экспансиялық саясатына қатысты алаңдаушылықты түсіне отырып, барлық елдердің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығы сақталуы қажеттігін баса айтады",-деді.
Иранның атқарушы билігінің басшысы: "Иран барлық тараптардың халықаралық міндеттемелерге шынайы түрде берік болуы және дипломатиялық қатынастарды сақтауын қазір Украинада қалыптасқан дағдарыстан шығудың жалғыз әділетті жолы деп санайды",-деді.