Иран Украина дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болатынын айтты
(last modified Thu, 03 Mar 2022 10:52:42 GMT )
Нау 03, 2022 16:52 Asia/Almaty
  • Иран Украина дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болатынын айтты

Иран Сыртқы істер министрі Украина дағдарысын тек саяси жолмен шешуге болатынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан  Қызыл крест халықаралық комитетінің басшысы Петер Маурермен телефон арқылы сұхбаттасып: "Соғыс шешім жолы емес. ИИР Украинада дағдарыс басталған сағаттардан бастап ирандық азаматтарды қолдап, олардың жағдайына қарайласып жатыр",-деді.

Амир Абдуллахиан Қызыл крест ұйымының əлемнің түкпір-түкпірінде гуманитарлық көмек көрсетуге талпыныстарына алғыс айтып, Ауғанстан мен Йемендегі гуманитарлық жағдайды қиын деп сипаттап, осы аймақтарға гуманитарлық көмек жіберіп, халықтардың қиыншылықтарын азайту қажеттігін айтты.

Петер Маурер Украина жəне Ресей басшыларымен гуманитарлық көмек жіберу саласында кеңескенін айтып, қаза болған сарбаздар жəне соғыс тұтқындарымен алмасу мəселесіне тоқталып, Украинадағы жағдайдың бұрынғыдай ауыр екенін айтты.