Соңғы бір аптада 498 ресейлік сарбаз қаза тапты
Нау 04, 2022 00:27 Asia/Almaty
Ресей Қорғаныс министрлігі: "Украинадағы əскери амалдарда соңғы бір аптада 498 ресейлік сарбаз қаза тапты",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ресейлік ақпарат құралдары сəрсенбі күні кешке Ресей Қорғаныс министрлігінің мəлімдемесіне сілтеме жасап: "Украинаны демилитаризациялауға бағытталған əскери амалда 498 ресейлік сарбаз қаза тауып, 1597 адам жараланды",-деді.
Осы амалда 2870-тен аса украин сарбазы қаза тауып, 3700-ге жуық əскери адам жараланды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: "Бастапқы мəлімет бойынша 572 украин əскериі тұтқынға түсті",-делінген.
Тегтер