Қазақстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті
Ресейдің Украинада арнайы əскери операция жүргізуі аймақ жəне əлем елдерінің назарына алынып, сарапқа салынып жатыр.
Əлем елдерінің көбі, əсіресе АҚШ бастаған Батыс елдері Ресейдің Украина жерінде жүргізіп жатқан амалдарын Шығыс Еуропада орналасқан осы елге қарсы соғыс деп атап, оны айыптады.
Мұнымен қоса, АҚШ бастаған Батыстың идеологиясына бағынышты мұндай елдер Ресейге қарсы еселенген экономикалық жəне дипломатиялық қысым жасай бастады.
Батыс елдерінің іс-қимылдары мынадай ой тудырады: АҚШ пен Батыстың кейбір елдері Мəскеуге қысым жасау үшін Украинаны Ресейдің əскери саясатына қарсы қойған сыңайлы. Киев үкіметі, əсіресе Украина Президентінің сыйы Батыс ұйымдары, соның ішінде Еуроодаққа қабылдану болуы ықтимал.
Украина мен Ресейдің қақтығысы Орта Азияда сирек талқыланады. Шын мәнінде мұндай тақырыптар айрықша ортада жабық түрде қарастырылады. Алайда Ресейге мұндай көзқарас Орта Азия елдері басшылары қазіргі жағдайға алаңдамайды деген сөз емес.
Қалай болғанда да, Қазақстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы 11 əріптестік құжатына қол қоюмен аяқталды. Кеңестің келесі отырысы 21-22 маусымда Беларусьта өтеді. Осындай отырыстар көрсеткендей, Орта Азия елдерінің басшылары Батыс елдерінің Ресейге қарсы кез келген əрекетіне сезімталдық танытып, өз халықтарын қорғауға күш салды.
Шын мәнінде əлем елдері арасында Орта Азия елдерінде Ресеймен ажырағысыз саяси-экономикалық жəне əскери қарым-қатынас бар.
Орта Азия елдері Ресеймен өте тығыз саяси-экономикалық байланысқа ие болғандықтан осы елдің зор ықпалына түсіп отыр.
Шын мәнінде Ресейдің саяси-экономикалық жəне əскери өзгерістері Орта Азия елдеріне қатты əсер етеді.Сол себепті Орта Азия елдері, соның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Тəжікстан мен Қырғызстан өздерінің саяси-экономикалық болашағына қатты алаңдаулы.