Homa əуе компаниясы Румыниядан ирандықтарды тасымалдау үшін төтенше рейс ұйымдастырады
Нау 04, 2022 21:04 Asia/Almaty
Иранның Homa əуе компаниясы: "Румыниядан ирандықтарды тасымалдау үшін төтенше рейс ұйымдастырамыз",-деді.
Homa əуе компаниясының баспасөз қызметі: "Украинада оқып жатқан ирандық студенттер мен басқа да отандастар өздерін Румынияға жеткізді. Homa төтенше рейске дайын. Бухарест əуежайындағы ирандық жолаушылар Теһрандағы имам Хомейни əуежайына жеткізіледі",-деді.
Өткен сейсенбіде Украинада тұратын ирандықтардың алғашқы тобы Варшавадан Теһранға келді.
Тегтер