Украинадағы соғыстың он бірінші күні
Украина армиясы: "Ресей Киев пен Харковьты қоршауды күшейтті ",-деді.
Украинадағы соғыстың он бірінші күнінде ақпарат құралдары Киевте тоқтаусыз жарылыс дыбыстары естілгенін хабарлады. Ресей Украинаның солтүстігіндегі Каневский СЭС-ін басып алуға талпыныстары күшейе түсті.
Жергілікті басшылар Ресей армиясының Киевтің солтүстік-батысында Прудинка қаласын басып алғанын растады.
The Washington post газеті: "АҚШ пен оның одақтастары өздерін Киев құлағаннан кейінгі кезеңге дайындап жатыр",-деп жазды.
The New York Times газеті: "Украинаның батыс одақтастары Зеленский қаза тапқан жағдайда оның орнын басатын адам іздестіріп жатыр",-деді.
АҚШ ақпарат көздері Украинаға əскери ұшақтар жіберу туралы кеңес болғанын хабарлады.
Ресей Еуропа елдерін Украинаға дамыған қару-жарақтар жіберуден бас тартуға шақырды. Өйткені олар лаңкестердің қолына түсіп, халықаралық авиацияға қатер төндіруі мүмкін.