Нау 07, 2022 18:41 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран АҚШ-тың қатынасына қарай шешім қабылдайды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Иран Вена келіссөздерінде АҚШ-тың бұлыңғыр жолдаулары емес, нақты іс-қимылдары негізінде шешім қабылдайды",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Иранның АҚШ-пен тікелей келіссөз өткізуіне қатысты ұстанымы туралы:"ИИР-дің қатынасы осы күнге дейін тұрақты болды. Теһран АҚШ-тың бұлыңғыр жолдаулары емес, нақты қатынасына қарай шешім қабылдайды. Сондай-ақ ақыры не боларын білмей жатып, әрекет етпейді",-деді.

Хатибзаде: "Бүгінге дейін АҚШ-тың қатынасында ешқандай өзгеріс байқалмады. Иран халқына барынша қысым жасау жалғасуда",-деді.

Ол Теһранның НАТО күштерінің қимылдарына қатысты ұстанымы туралы: "Ресей АҚШ пен НАТО-ның арандатушы әрекеттеріне қатысты қатты алаңдайды. Соғыс шешім жолы емес. Халық үкіметтердің текетіресінен тыс қалуы тиіс",-деді.

Тегтер