Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалғаны теріске шығарылды
Ресей: "Мариупольде шабуылға ұшыраған аурухана əскерилер жиналған жер болды",-деді.
Украина Президенті бүгін əйелдер мен балалар ауруханасының ғимараты бомбаланғанын айтты. Шабуыл салдарынан 3 адам қаза тауып, 17 адам жараланды. Зеленский осы бомбалауды геноцид деп атады.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі екі күн бұрын Мариуполь ауруханасы босатылып, онда əскерилер орналасқанын хабарлады.Ресей, сондай-ақ, бүгін: "Мариупольден бейбіт тұрғындарды шығаруға алты қауіпсіз жол ашылды. Бірақ украиндық əсіре ұлтшылдар халыққа қаладан шығуға рұқсат бермей отыр",-деп мәлімдеді.
Украина мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері бүгін Түркияның Анталия қаласында кездесті.
АҚШ Ресейдің Украинада химиялық қару қолдануды көздеп отырғанын айтқаннан кейін Ресей Қорғаныс министрлігі: "Əсіре ұлтшылдар Чернобыль АЭС-не шабуыл жасамақшы",-деп ескертті.