Жаппай өлім жазасына кесу - әл Саудтың ерекше қылмысы
(last modified Tue, 15 Mar 2022 16:47:03 GMT )
Нау 15, 2022 22:47 Asia/Almaty
  • Жаппай өлім жазасына кесу - әл Саудтың ерекше қылмысы

Сауд Арабиясы өз азаматтарына қарсы қылмыстарын жалғастырып, бір күнде бұрын-соңды болмаған әрекетімен 81 адамға өлім жазасын іске асырды.

Сауд Арабиясы үкіметінің бұл қылмыстық әрекетіне қатысты жеті мәселеге тоқталуға болады:

  1. Сауд Арабиясы үкіметінің әрекеті адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады. Халықаралық Қылмыстық Сот Статутының 7-бабында адамзатқа қарсы қылмыстар бейбіт тұрғындарға жүйелі немесе кең таралған шабуылдың бөлігі болып табылатын нақты әрекеттер ретінде анықталады. Әл-Сауд режимі ондаған саудиялық азаматтардың өмір сүру құқығын тартып алды. Негізінде  өмір сүру құқығы халықаралық құқықтағы қол сұғылмайтын құқықтардың бірі болып табылады.
  2. Өлім жазасына кесілгендердің арасында бұрын Сауд Арабиясы үкіметімен түрлі сылтаулармен тұтқындалып, түрмеге қамалған 41 саудиялық Қатиф шиіт жастары да бар. Өлім жазасына кесілгендер арасында осыншама жас шиіттердің болуы Сауд Арабиясы үкіметінің тағы да идеологиялық көзқарастар негізінде үлкен қылмыс жасағанын көрсетеді.
  3. Сауд Арабиясы үкіметі ашық емес әрекеті негізінде бейбіт тұрғындарды өлім жазасына кесті. Шын мәнінде Сауд Арабиясы үкіметі адамдарды құжатталған емес, ойдан шығарылған айыптармен өлім жазасына кесті.
  4. Жеке тұлғалар өлім жазасына әділ сотта кесілмеді. Оларға тағылған айып бұлыңғыр және жалған болғандықтан, олардың соттары да әділ болмады.
  5. Өлім жазасына кесілгендер арасында екі йемендік әскери тұтқын да бар. Әртүрлі халықаралық құқық құжаттарына сәйкес, әскери тұтқындардың қадір-қасиетін құрметтеу үкіметтердің міндеттерінің бірі болып табылады.
  6. Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының билік құрылымына кіргеннен бері бірте-бірте елдегі әлеуетті бірінші адам болды. Сауд Арабиясында зорлық-зомбылық пен адам құқықтарының әшкере бұзылуы артып келеді.
  7. Бір күнде 81 бейбіт тұрғынның өлім жазасына кесілуінен бұл қылмысқа Батыс елдерінің үнсіз қалуы одан ащылау. Бұл үнсіздік Батыс елдерінің адам құқығы мәселесіне көзқарасы екіжүзді екенін тағы бір дәлелдеді.

 

Тегтер