Ресей Харьков қаласына оқ жаудырғанын теріске шығарды
Нау 18, 2022 18:53 Asia/Almaty
Мəскеу АҚШ елшілігінің Украинаның солтүстігіндегі Харьков қаласы тұрғындарына оқ жаудырылғаны туралы уəждерін теріске шығарды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков: "Ресейдің Қарулы күштерінің барлық бөлімшелері Харьков қаласының сыртында орналасқан. Бұл қалаға ешқандай шабуыл жасалмады",-деді.
Коношенков: "Украинаның үгіт-насихат көлігі бұл қалада қандай да бір жарылыс болғанын көрсетпеді. Барлық ғимараттардың терезелері мен қабырғалары сау. Жерде ешқандай жарылыс белгісі жоқ",-деді.
Тегтер