АҚШ пен НАТО Украина дағдарысына жауапты
(last modified Fri, 18 Mar 2022 19:55:16 GMT )
Нау 19, 2022 01:55 Asia/Almaty
  • АҚШ пен НАТО Украина дағдарысына жауапты

Қытай СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ пен НАТО-ны Украина дағдарысына жауапты деп атап: "Осы дағдарысты шешу жолы олардың қолында",-деді.

Лицзянь Чжао АҚШ-тың НАТО-ны кеңейту туралы шешімінің Украина дағдарысына қатысы бар деп мəлімдеді.

Қытай мен Ресей тарапынан өзінің əлемдік гегемониясына қатер төнетініне алаңдаған АҚШ осы екі елді əлсіретіп, шектеу үшін ауқымды əрекеттер жасап жатыр.

АҚШ НАТО-ның географиялық аумағын Ресейдің шекарасына дейін кеңейтуді көздеп отыр. Ресей АҚШ пен НАТО-ға мұның салдары мен қатерлері туралы ескертті.

Мəскеу АҚШ-тың Ресейдің айналасындағы елдерді НАТО-ға қосылуға үгіттеу арқылы бұл елді өз шекарасында шектеп, оның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруді көздейтінін біледі. Əрине Ресей мұны қабылдамайды. Сондықтан осы елдің Украинаның НАТО-ға қосылуға талпынысына реакциясын түсінуге болады.

Университет ұстазы əрі саяси сарапшы Əли Умиди осы туралы: "АҚШ пен НАТО Мəскеудің Украинаға қатысты ескертулерін ескермей, осы елді өзінің қауіпсіздік аясына қосып алып, Ресейдің геосаяси қауіпсіздігіне қатер төндіру үшін Украинада дағдарыс тудырды",-деді.

АҚШ-тың Украинада дағдарыс тудырудағы мақсаттарының бірі - Қытайды Ресейден бөліп алуға талпыну. АҚШ Қытайға қарсы түрлі айыптар жобалап, соның ішінде Ресей Қытайға қару-жарақ жіберу туралы өтініш жасады деп мәлімдеп, екі ел арасына іріткі салуды көздеп отыр. Тіпті Украина дағдарысына қатысты Ресейге  салынған санкцияларды айналып өту туралы Бейжіңге сан рет ескерту жасады. АҚШ Қытай мен Ресей Батысқа қарсы бірігетін болса, АҚШ-тың халықаралық деңгейдегі айбынын оп-оңай жоя алатынын өте жақсы біледі.

Халықаралық мəселелер жөніндегі сарапшы Мариям Хормаи: "Мəскеу мен Бейжіңнің өзіндік қызыл сызықтары бар. Олар біржақтылық, демократияның батыстық үлгілерін таңу жəне өздерінің ішкі ісіне араласуға қарсы біріге күресуге  шешім қабылдады. Бұл көп тұрғыдан АҚШ-тың есебін бұзады",-деді.

Қалай болғанда да, Еуропа елдері, НАТО мен АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсетпеуі Киевке ғана емес, Батыстың басқа одақтастары үшін олардың тек өз мүдделерін ойлайтынын жəне өздері керек деп тапқанда ғана кез келген жерде іске кірісетінін дәлелдеді. Сол себепті Украина да НАТО мен Батыс елдерінің ойыншығына айналғанын түсінді. Бұл шындық Украина халқына ауыр шығын əкелді.

Тегтер