Украинада соғыс жалғасуда
Ресей әскери күштерінің Украинада алға ілгерлеуінің жалғасында Украинаның Чернигов қаласында жаппай өрт шыққаны туралы ақпарат тарады.
Ресейдің Николаев әскери базасына жасаған шабуылында да ондаған украин сарбаздары қаза тапты. Ресейлік ақпарат көздері украиндық күштердің Луганск пен Донецктегі азаматтық инфрақұрылымға қасақана зақым келтіргенін хабарлады.
Осындай жағдайда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жан-жақты келісім Украинадағы соғысты тоқтатады деген үмітін білдірді. Бірақ таяуда жарияланған құжаттар АҚШ барлау агенттігінің 2014 жылдан бері Украина әскери арнайы жасақтарын жасырын түрде дайындағанын көрсетеді. АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының демократ мүшесі Адам Шиффтің сөздері мұны қандай да бір түрде растайды. Ол «АҚШ Украина жерінде Ресейге қарсы соғысып, АҚШ-пен соғыстың алдын алу үшін Украина мен оның халқына көмектесті», - деді.
Sputnik жергілікті сириялық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, АҚШ-тың Сирияның солтүстік-шығыстағы ДАИШ тұтқындарын Украинаға соғысу үшін жіберіп жатқанын әшкереледі.
Дипломатиялық аренада Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Ли Ючэн Мәскеудің НАТО-ға деген көзқарасын қуаттап: «НАТО одан әрі шығысқа қарай созылмауы керек»,- деді. Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары да Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын «қатыгез» деп атады.