Исламабад-Теһран-Стамбұл жүк пойызымен төртінші коммерциялық жүк жөнелтілді
(last modified Sun, 20 Mar 2022 10:12:17 GMT )
Нау 20, 2022 16:12 Asia/Almaty
  • Исламабад-Теһран-Стамбұл жүк пойызымен төртінші коммерциялық жүк  жөнелтілді

Алты контейнер түрлі жүк тиеген Исламабад-Теһран-Стамбұл бағытындағы төртінші жүк пойызы Пәкістаннан Түркияға жол тартты.

Пәкістанда шығатын Dawn газетінің хабарлауынша, Пәкістан темір жолындағы ақпарат көзі жексенбі күні үш үлкен 40 футтық контейнерден тұратын төртінші ЭЫҰ пойызы алдымен Роухи/Сухарға, сосын оған тағы үш үлкен контейнермен Карачиден тағы бір жүк пойызының қосылатынын хабарлады. Бұл пойыз келесі аптада Теһран арқылы Түркияның Стамбұл қаласына жетеді. ЭЫҰ темір жолының ұзындығы 6500 км, оның 2570 км Иранда, 2000 км Түркияда және шамамен 1900 км Пәкістанда. Бұл бағыттағы жол жүру уақыты теңіз көлігі уақытының жартысынан азын құрайды және автомобиль жолдарымен салыстырғанда қауіпсіз және арзанырақ болады. Бұл дәлізді пайдалану арқылы аймақтар бір-бірімен байланысып, аймақта экономикалық белсенділік дамиды.

 

Тегтер