Ресейге қарсы санкциялар артуда
(last modified Tue, 22 Mar 2022 10:02:33 GMT )
Нау 22, 2022 16:02 Asia/Almaty
  • Ресейге қарсы  санкциялар артуда

Еуроодақтың 27 елінің сыртқы істер министрлерінің Ресейдің энергетикалық бөліміне қарсы санкция салу талпынысымен бір мезгілде халықаралық нарықта мұнайдың бағасы 115 доллардан асып кетті. Еуроодақ бұл ұйымға мүше елдерді Ресейдің энергетика саласына санкция салуға шақырды.

Кремль Еуропаның энергетикалық тәуелділігін  ескертіп,  Еуропалық Одақтың мұнай санкцияларына жауып ретінде газ экспорттайтын құбырлардың бірін жабуымен қорқытты. Ресей премьер-министрінің орынбасары: «Ресейдің мұнай эмбаргосы мұнай бағасын барреліне 300-500 долларға дейін көтереді»,- деді. Бұл ретте халықаралық нарықтардағы Brent маркалы мұнайдың бағасы алдыңғы үш күнмен салыстырғанда барреліне 10 долларға өсіп, барреліне 115 доллар бір центке жетті. Брент маркалы мұнай бүгін таңертең 110 доллар болды. Ал, Ресейдің ауылшаруашылық өнімдеріне тәуелділіктен Батыс елдеріндегі азық-түлік бағасының көтерілуіне реакция білдіріп, Германияның Ауыл шаруашылығы министрі неміс халқын ет жемеуге шақырды.  Джем Өздемир Украинадағы соғысқа қарсылық көрсету үшін немістердің вегетариандық тағамдарды жеуге болатынын айтты.