Зеленскийдің экономикалық кеңесшісі Украинадағы соғыстың 100 миллиард долларға жуық шығынын мойындады
Нау 23, 2022 15:19 Asia/Almaty
Украина президентінің экономикалық кеңесшісі соғыстың бірінші аптасынан кейін бұл елдің экономикасына 100 миллиард долларға жуық шығын келгенін айтты.
Олег Устенко сейсенбі күні кешке Катардың «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында: «Елдегі соғыстың экономикалық салдары өте ауқымды және Украина экономикасының барлық секторлары, әсіресе ауыл шаруашылығы саласы соғыстан зардап шекті»,- деді.
Халықаралық валюта қоры де бұған дейін Украинадағы соғыс пен Батыстың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан әлемдік экономикаға ауыр соққы болатынын ескерткен.
Тегтер