Иран БҰҰ-ның Украинаға қатысты жаңа қарарына қалыс қалғанын түсіндірді
Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Бас ассамблеяның Украинаға қатысты жаңа қарарына Иранның қалыс қалуын түсіндіріп: «Бас Ассамблея қарарының қазіргі мәтінінде ондағы гуманитарлық жағдайдың шеңберінен шығатын және жанжалдың адами аспектілерін шешудің шынайы тетіктері жоқ сөз тіркестері бар деп есептейміз»,- деді.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Маджид Тахтраванчи: «ИИР барлық елдердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын толық құрметтеу және барлық бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айта отырып, соңғы қақтығысты тез арада тоқтатып, шиеленістерді азайтуға шақыратынын қайталап, барлық тараптарды алаңдаушылықтарын диалог арқылы шешуге шақырады»,-деп мәлімдеді.
Бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында өткен дауыс беруде Украинаға гуманитарлық көмек туралы резолюция 140 «оң», 5 «қарсы» және 38 «қалыс» дауыспен қабылданды.