Нау 29, 2022 23:24 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: Сатқындар саммиті - Палестинаны азат ету арманына жасалған қиянат

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы басып алынған Палестинада өткен сатқындар саммитін айыптап, оны Палестинаны азат ету арманына жасалған қиянат деп атады.

Төрт араб елі - Мысыр, БАƏ, Бахрейн мен Марокконың Сыртқы істер министрлері жексенбі күні сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Яир Лапид жəне АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің қатысуымен саммит өткізді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде Палестина арманын сатқандар мен Қасиетті Құдсты басып алған залымдардың саммиті өткеніне тоқталып: "Құдсты басып алған лаңкес сионистермен қарым-қатынас орнатып, байланысты қалыптандыруға бағытталған кез келген шара - Палестина халқының арқасына сұғылған қанжар жəне Израиль режиміне Палестина халқын қырып-жоюды жалғастыруына көмек",-деді.

Хатибзаде: "Тарихи тəжірибе көрсеткендей, бітім жасап, тізе бүгу осы жолды жақтаушылардың жеңіліп, қорлануынан басқа нəтиже бермеді. Палестина жері осы ел халқының қарсыласуы мен ислам елдерінің қолдауынсыз азат етілмейді",-деді.

Тегтер