Украина алғаш рет Ресей жеріне әуеден шабуыл жасады
(last modified Fri, 01 Apr 2022 12:07:56 GMT )
Сәу 01, 2022 18:07 Asia/Almaty
  • Украина алғаш рет Ресей жеріне әуеден шабуыл жасады

Украина соғыс басталғалы бері Ресей жеріне алғаш рет әуе шабуылын жасап, осы елдегі бір жанармай резервуарын нысанаға алды.

Ресейдің Белгород қаласының қолбасшысы Вячеслав Гладковтың айтуынша, Украинаның екі әскери тікұшағы жұма күні осы аудандағы бір жанармай резервуарына шабуыл жасады.

Ресейдің бұл жергілікті қайраткері Украина шекарасы маңындағы аудандардың тұрғындары эвакуацияланғанын хабарлады.

Осы мұнай резервуарының иесі "Руснефть" компаниясы шабуылда ешкімнің зардаб шекпегенін мәлімдеді.

Белгородқа жақын жердегі оқ-дәрі қоймасы да сәрсенбі күні отқа оранып, бірнеше жарылыс болды.