Ресей Буча халқын қырғаны туралы Батыстың мәлімдемелерін теріске шығарды
Ресей Украина мен оның батыс жақтастарының Буча қаласында ресейлік әскерлердің халықты қырып салғаны туралы мәлімдемелерін ойдан шығарылған деп сипаттады.
Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Бучадағы оқиғаларды «сахналанған және ойдан шығарылған» деп атады. Ол АҚШ президентінің Ресей президентін әскери қылмыскер деп атағанына реакция білдіріп: «Байден өзінің ар-ожданына жүгінуі керек»,- деді.
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі де құжаттар тапсырып, Буча оқиғасы туралы Украина басшыларының айыптауларын теріске шығарып, Мәскеудің құжаттарды Қауіпсіздік Кеңесіне тапсыратынын мәлімдеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Буча оқиғасы бойынша отырыс өткізуді жоспарлауда. Пентагон Украинаның Бучадағы бейбіт тұрғындардың өлімі туралы ақпаратын растай алмайтынын айтты. Франция, Германия және Литва Буча оқиғасына байланысты Ресейді айыптап, ондаған ресейлік дипломатты шығарды. Ұлыбритания БҰҰ-нан Ресейді БҰҰ Адам құқықтары кеңесінен шығаруды талап етті.