Мәскеу Украинадағы НАТО-ның Ресеймен гибридтік соғысын қуаттады
(last modified Sat, 09 Apr 2022 14:42:59 GMT )
Сәу 09, 2022 20:42 Asia/Almaty
  • Мәскеу Украинадағы НАТО-ның Ресеймен гибридтік соғысын  қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрлігі: «НАТО Украинада Ресеймен гибридтік соғысқа кірісті және НАТО-ның Украинаға қару-жарақ жіберуді жалғастыруы, қақтығыстарды ұзақа апарады. «НАТО коалициясы Украина арқылы Ресеймен соғысуда»,- деп жариялады. Бұл мәселені АҚШ-тың мақұлдауымен туындап отыр.

 

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби баспасөз мәслихатында Вашингтонның Украинада Путин мен Ресей әскерінің жеңілгенін көргісі келетініне тоқталып: «Біз Украина әскерилеріне өз елін қорғау үшін ақпарат беруді жалғастырамыз»,- деді. Вашингтонның еуропалық серіктестері де осындай көзқараста. Британия премьер-министрі Борис Джонсон да жұма күні Лондон мен Берлин Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлап: «Путин Еуропа үшін қауіп-қатерге айналды және оны Украинада жеңу керек. Ұлыбритания Украинаға зениттік және танкке қарсы зымырандар жеткізуді жалғастырады»,- деді. Деректер НАТО мен АҚШ-тың Ресеймен қырғи-қабақ соғыстан кейінгі позицияға біртіндеп еніп, оны әлсіретуге талпынғанын көрсетеді. Украинадағы соғыс қазір Ресейді әскери, экономикалық және сайып келгенде саяси тұрғыдан ығыстырып, президент Владимир Путиннің заңдылығына қатты нұқсан келтірудің бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырылуда. Америкалық ойшыл әрі зерттеуші Ноам Хомский: «АҚШ-тың қазіргі саясаты - соңғы Украина азаматына дейін күресу және Путинді сәтсіздікке ұшырату»,- деді.

Осы соғысты жалғастыру үшін НАТО қазір Украинаға жіберілетін қару-жарақтың саны мен сапасын арттыруға ұмтылуда. Осыған орай Ұлыбритания жуырда Украинаға қысқа қашықтыққа ұшатын «Star Strike» әуе қорғаныс жүйесін тапсырды. НАТО мүшесі ретінде Словакия Украинаға С300 стратегиялық әуе қорғаныс жүйесін, ал АҚШ Switch Blade ұшқышсыз ұшқыштарын береді. Бұл қарулардың жеткізілуі Ресейдің Украинадағы әскери шығынын арттырып қана қоймайды, бұл Украина халқы мен жері есебінен болса да соғысты ұзартып, Ресейді тығырыққа тіреуге бағытталған әдейі жасалған қадам. Сондықтан да болар, жақында НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы соғыс айларға, жылдарға созылуы мүмкін екенін ескертті.

 

Тегтер