Иран мен Ресей өзара әріптестікті нығайту қажеттігін баса айтты
ИИР-ның Төтенше және өкілетті елшісі мен РФ-нің Сыртқы істер министрінің орынбасары санкцияларды назарға алмай, өзара әріптестікті нығайту қажеттігін баса айтты.
Иран елшісі Казем Джалали мен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Маргуловтың кездесуінде санкцияларды назарға алмай, екі елдің әріптестігін нығайту қажеттігі айтылды.
Джалали мен Маргулов Иран мен Ресейдің маңызды екіжақты мәселелері жайлы кеңесіп, осы салада өзара байланыс пен кездесулерді жалғастыруды қалайтындарын білдірді.
Ресей СІМ өзіне қарсы салынған санкцияларды назарға алмай, Иранмен әріптестікті нығайтуға бағытталған бағдарламалар дайындағанын айтты.
Ресей мен Иран арасындағы сауда айналымы 2021 жылы тарихи рекорд жаңартып, шамамен 4 млрд долларға жетті.