Украинадағы өзгерістер
(last modified Sun, 17 Apr 2022 08:16:34 GMT )
Сәу 17, 2022 14:16 Asia/Almaty
  • Украинадағы өзгерістер

Ресей: «Украина армиясы мен шетелдік жалдамалылар арасындағы адам шығыны 23360 адамнан асты»,-деп мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тек Мариупольде 4 мыңнан аса украиндық қаза тапты, 1464 әскери адам тізе бүкті.

Украина Президенті осы елде қаза тапқан әскерилер санын 2500 адам деп жариялады.  

Ресей кеше Мариупольде қалған украиналық күштер мен шетелдік жалдамалылардан қалғандарға бүгін таңертеңге дейін қаруларын тапсыруға мүмкіндік берді. Ресей армиясы Украинаның шығысына ілгерілеуі қарқындай түскенінен кейін АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға жаңа қару-жарақтар жіберетінін хабарлады.

Басқа бір хабар бойынша, Одесса айлағында Батыс елдерінің Украинаға арналған әскери құралдарын тиеген ұшақ құлатылды.