Украинадағы өзгерістер
(last modified Thu, 21 Apr 2022 10:41:40 GMT )
Сәу 21, 2022 16:41 Asia/Almaty

Ресей Украинаның шығысына шабуылдарын үдеткеннен кейін Киев үкіметі Мариупольден бейбіт тұрғындарды шығару туралы келіссөз жүргізуге дайын екенін жариялады.

Украиналық келісімгер Давид Арахамия: "Осы елдің басқа да басты келісімгерлерімен бірге Мариупольге барып, Ресей тарапымен әскери және бейбіт нысандарды босатып, адамдарды эвакуациялау туралы келіссөз өткізуге дайынбыз",-деді.

Давид Арахамия Ресейдің жауабын күтіп отырғандарын айтты. Бірақ Ресей кеше украиналық келісімгерлерге сенбейтінін мәлімдеді. Ресей 6 апта бұрын Мариупольді қоршап алып, бейбіт тұрғындарды қаладан шығару үшін бірнеше рет гуманитарлық дәліз ұйымдастырды. Ресей басшылары: "Украиналық ұлтшылдар бейбіт тұрғындарды Мариупольдегі болат зауытында тұтқында ұстап, оларға сыртқа шығуға рұқсат бермейді",-дейді.

Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын болғанымен, Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға осы келіссөз туралы ескерту жасап: "Мәскеумен келіссөз жүргізу қиын",-деді.

Ресей Думасы төрағасының орынбасары Петр Олегович Толстой: "Еуропа пен Украинаның АҚШ пен Ұлыбританияның айтқандарын бұлжытпай орындайтыны қынжылтады",-деді.