Мазари-Шариф мешітінде болған жарылыстан ондаған адам қаза тапты
Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласының мешіттерінің бірінде болған жарылыстан ондаған намазхан қаза тапты және жараланды.
Расталмаған ақпарат бойынша, Мазари-Шариф мешітінде болған жарылыстан осы күнге дейін 18 адам шәһид болып, 30-дан аса адам жараланды. Әбу Әли Сина Балхи ауруханасы басшыларының айтуынша, аурухана жаралыларға толы. Олардың кейбіреулерінің жағдайы өте ауыр.
Екі күн бұрын Кабулдың батысында шиіттер тұратын аудандағы оқу орталықтарында болған жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тауып, жараланған болатын.
Ауғанстанның түрлі аудандары, соның ішінде Кабулда болған лаңкестік жарылыстар Талибан үкіметі үшін үлкен түйткілге айналды. Бұл үкімет осы күнге дейін елде қауіпсіздік орната алмады.