Путин Мариуполь қаласының Ресей күштерінің толық бақылауға алынғанына реакция білдірді
(last modified Thu, 21 Apr 2022 12:13:12 GMT )
Сәу 21, 2022 18:13 Asia/Almaty
  • Путин Мариуполь қаласының Ресей күштерінің толық бақылауға алынғанына реакция білдірді

Ресей күштері Мариуполь қаласының "Азовсталь" болат зауытынан басқа жерінің барлығын толық бақылауға алды. Ресей Президенті осы зауытты қоршауға алуға бұйрық берді.

Владимир Путин "Азовсталь" болат зауытына шабуыл жасау туралы бұйрықты қайтарып, Украинадағы Ресей күштеріне: "Зауытқа шабуыл жасамаңдар, оны қоршап алыңдар",-деп бұйырды.

Путин: "Ресей осы зауыттан шығатын украиналық әскерилердің амандығына кепілдік береді",-деп баса айты.

Ресейдің Интерфакс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін Путинмен кездесуінде: "Мариуполь қаласының "Азовсталь" болат зауытынан басқа жердің барлығы Ресей күштерінің бақылауына өтті. Зауытта әлі 2000-ға жуық украиналық содыр бекініп жатыр",-деді.

Ресей Қорғаныс министрі: "Ресей Мариупольден 142 мыңнан аса бейбіт тұрғынды эвакуациялады. Қалада жағдай тыныш. Бұл бейбіт тұрғындардың қайтып оралуына мүмкіндік береді",-деп хабарлады.

Путин Ресей күштерінің қоршауындағы "Азовсталь" болат зауытына шабуыл жасау жоспарын қажет болмаған соң орындамады делінеді.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин және Украина Президенті Володимир Зеленскиймен осы елдердің астаналарында кездесуді қалайтынын айтты.