Ресейдің Украинаға шабуылына қатысты соңғы өзгерістер
Ресей Қырым түбегіне құрлық дәлізін салу үшін Украинаның оңтүстігі мен Донбасс аймағын толық бақылауға алуға тырысып жатқанын жариялады.
Франция ақпарат агенттігінің Парижден хабарлауынша, жоғары лауазымды ресейлік генерал бұл аймақты бақылау Украинаның өмірлік маңызды инфрақұрылымына әсер етіп, Украинаны Қара теңіз порттарынан ажырататынын айтты.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұма күні қазіргі дағдарысты шешу саласындағы Мәскеу мен Киевтің арасындағы бейбіт келіссөздердің құлдырау мен шарықтау жәйттерге ие екенін мәлімдеді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинадағы соғыстың 2023 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтты. Өйткені, Джонсонның айтуынша, Ресей Украинаға басып кіруді жалғастыруға бел буған. Мариупольдегі жағдай әлі де ауыр күйінде қалып отыр, бұл жерде орналасқан украиналық күштер ресейлік әскерлерге тойтарыс беруді жалғастыруда. Мәскеу басып алғаны туралы мәлімдегенімен, стратегиялық маңызы бар Мариуполь порты Ресейдің әскери агрессиясына қарсы тұруды жалғастыруда. Украин күштері ішінде бейбіт тұрғындар да қалған қаланың болат кешенін қорғауда. Ресей әскерилері де жұма күні кез келген уақытта атысты тоқтату режимін сақтауға дайын екенін мәлімдеді. Украинадағы соғысты тоқтату шаралары аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сейсенбі күні Ресейге барады деп жоспарлануда. Ресейлік крейсер суға батқаннан кейін ресейлік әскерилер алғаш рет бір теңізшінің қаза тапқанын және 27 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін мойындады. Еуропалық Одақ гуманитарлық дәліздер құруға шақырды. АҚШ сонымен қатар одақтастарын Украинаны қорғауға шақырды. Пентагон АҚШ-тың 40 одақтасын Украинадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін келесі сейсенбіде Германияда кездесуге шақырды.