Жапония Қазақстаннан Ресейге қарсы әлемдік қауымдастыққа жақтасуды сұрады
Жапония Қазақстаннан Ресейдің Украинаға әскери шабуылына қарсы әлемдік қауымдастыққа жақтасуды сұрады.
Жапонияның Сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси Қазақстанға сапарында осы елдің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде Нұр-Сұлтан үкіметінен Ресейге қарсы халықаралық санкцияларды қолдап, әлемдік қауымдастыққа жақтасуды сұрады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Жапония Сыртқы істер министрінің өтінішіне жауабында: «Нұр-Сұлтан үкіметі дипломатиялық желілер арқылы саяси шешім жолын табу үшін тиісті талпыныстар жасауға дайын»,-деді.
Жапонияның Сыртқы істер министрі бес күндік сапарында Өзбекстан мен Моңғолияға барады деп күтілуде.
Биыл Жапонияның Қазақстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына отыз жыл толды. Токио Қытайдың Орта Азияға ықпалының артуына қарсы күресуге бағытталған айқын талпыныста осы аймақ елдерімен экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға күш салып жатыр.