Ресей: Украина өз азаматтарына оқ жаудыруда
Ресей: «Украина армиясының Херсонның оңтүстігінде оқ жаудыруы украиналық азаматтардың қаза тауып, жаралануына себеп болды»,-деп мәлімдеді.
Екі ай бұрын басталған Украина соғысы әлі де жалғасып жатыр.
Ресей Қорғаныс министрлігі Украина күштерін Херсон облысының Кисливка және Широкая Балка ауылдарында мектеп, балабақша мен зиратты атқылады деп айыптады.
Ресей Украинаның шығысындағы Донбасс аймағының екінші маңызды қаласы Херсонды, бұдан бұрын Мариуполь стратегиялық айлағын басып алды. Мариупольдің болат зауытында әлі 2 мыңға жуық украиналық әскери мен мың бейбіт тұрғын Ресей күштеріне қарсылық көрсетіп жатыр.
БҰҰ-ның араағайындығымен Мариупольдің болат зауытынан бейбіт тұрғындарды шығару туралы келіссөздер жалғасып жатыр. Өткен 24 сағатта зауыттан 20 бейбіт тұрғын шығарылды деген ақпарат тарады.
Батыс елдері, соның ішінде АҚШ өткен жылдарда Украина үкіметіне қаржы және әскери тұрғыдан ауқымды қолдау көрсетті. Украинада қақтығыстар басталғаннан кейін Батыс елдері жалдамалы күштер жіберіп, өз қолдауларын жалғастырып жатыр.