G20 саммиты – Ресей мен АҚШ-тың текетірес алаңы
(last modified Sun, 01 May 2022 14:39:20 GMT )
Maм 01, 2022 20:39 Asia/Almaty
  • G20 саммиты – Ресей мен АҚШ-тың текетірес алаңы

Ресей Президенті Владимир Путиннің Индонезияда өтетін G20 басшыларының саммитына қатысу мәселесі және АҚШ-тың оған ашық түрде кедергі жасауға талпынуы қазір Мәскеу мен Вашингтон текетіресінің жаңа алаңына айналды.

Индонезия Президенті Джоко Видудо осы саммитті өткізетін тарап ретінде: «Ресей мен Украина басшылары G20-ның келешек отырысына қатысуға келісті»,-деп мәлімдеді. Ол Украинадағы соғыс әлемнің экономикасына қатты әсер етіп жатқан шақта Путин мен Зеленскийді G20-ның келешек саммитіне қатысуға шақырды. Видудо: «G20 елдерінің әлем экономикасын жақсартуда катализатор рөлін ойнайтынын жақсы түсінеміз»,-деді. Путин 20 қарашада өтетін халықаралық саммитке Зеленскийден бір күн кейін шақырылған сыңайлы.  Ал негізі Украина G20-ге мүше емес.

Ал бұл жағдайда Вашингтон Ресейді, әсіресе Владимир Путинді одан ары оқшаулай түсу үшін Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы санкциялық саясаты аясында Путиннің осы отырысқа қатысуына ашық түрде қарсылық білдірді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Саки Джо Байденнің Зеленскийдің шақырылғанын қолдайтынын айтып: «АҚШ Президенті ашық түрде Путиннің G20 саммитіне қатысуына өз қарсылығын білдірді. Бұл іс Вашингтонның Ресей басшыларының халықаралық сахнада болуына кедергі жасауға бағытталған жалпы саясаты аясында орын алып отыр»,-деді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысының орынбасары Джалина Портер: «АҚШ-тың сенімінше, Ресейдің халықаралық қауымдастықта немесе халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуына бұрынғыдай қарай алмайды»,-деді.   

АҚШ-тың ашық талабына қарамастан, G20 саммитының төрағасы ретіндегі Индонезияның қатынасы АҚШ-тан бөлек. Индонезия Президенті Путин мен Зеленскийді шақырып, Украина соғысын бейбіт түрде шешу қажеттігін баса айтып отыр. Оның көзқарасы Байденнің көзқарасынан мүлде бөлек екені айқын.

Джоко Видудо осы туралы: «Мен соғысты тез арада тоқтатудың маңызды екенін айтамын. Бейбітшілікке бағытталған талпыныстар жалғаса беруі керек. Индонезия бейбіт талпыныстарға көмектесуге дайын»,-деді.

АҚШ пен еуропалық серіктестер қазіргі жағдайды теріс пайдаланып, Ресейді, әсіресе оның әскери қуатын әлсірету үшін Украина соғысын жалғастыруды көздеп отыр. АҚШ-тың бұл ұстанымы G20-ға мүше көптеген елдер, соның ішінде Қытай, Үндістан, Аргентина, Түркия, Сауд Арабиясы, Бразилия, Мексика, Оңтүстік Африка мен Индонезияның қарсылығына ұшырады.  

Тегтер