Ресей дұшпан елдерге тағы ескерту жасады
(last modified Mon, 02 May 2022 18:25:59 GMT )
Maм 03, 2022 00:25 Asia/Almaty
  • Ресей дұшпан елдерге тағы ескерту жасады

Ресейдің бір саясаткері жексенбі күні: "Ресейлік олигархтардың АҚШ-тағы мал-мүліктерін тәркілеп, одан түсетін табысты Украинаға төлеу туралы ұсынысқа жауап ретінде Ресей дұшпандардың осы елдегі мал-мүліктерін тәркілей алады",-деп ескертті.

Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володин: "Қарымта әрекетте Ресейдің мал-мүлкін тәркілеуге шешім қабылдаған дұшпан елдердің Ресей жерінде орналасқан компалары мен олардың иелерінің мал-мүліктерін тәркілеу әділетті",-деді.

Ресей Думасының төрағасы дұшпан елдер тобын, соның ішінде Литва, Латвия, Польша мен тіпті АҚШ-ты халықаралық заңдарды бұзып, ашық түрде ұрлық жасады деп айыптады.  

Володин бұл сөздері мына жағдайда айтылды: АҚШ Президенті Джо Байден Конгреске Ресейге экономикалық қысымдарды арттыру туралы жоба ұсынып, ресейлік байлардың  мүліктерін тәркілеуді күшейтуді талап етті.  

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жуырда: "Вашингтон Ресей үкіметінің санкцияға іліккен мүлкін тәркілеп, оларды Украинаға көмек ретінде пайдалану ықтималын қарастырып жатыр",-деді.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Блинкеннің сөздеріне реакциясында: "АҚШ Конгресінің жобасы жеке мүліктер мен активтерді басып алудан басқа ештеңе емес",-деді.  

АҚШ Конгресі осы елдің территориясындағы ресейлік олигархтардың мал-мүлкін тәркілеп, Украинаға беру туралы жобаны қарастырып жатыр. Ақ үйдің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Қаржы министрлігі Кремльге жақын адамдардың құны 1 млрд доллардан асатын кемелері мен ұшақтарын санкциялап, тәркіледі.

Ресей Думасы төрағасының ескертуі шын мәнінде Мәскеудің өз азаматтары мүліктерінің тәркіленіп, Украинаға берілуіне қатысты ресми ұстанымы болып табылады. Ресейлік олигархтардың жағдайы және олардың әрдайым  Кремльге жақын деп айыпталатыынн ескерсек, оларға қарсы кез келген шара Ресей үкіметінің қатаң реакциясына ұшырайтынын болжауға болады.

Шын мәнінде Батыс елдерінің осы уақытқа дейін Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған жан-жақты санкцияларының сауда, экономика, қаржы, банк, импорт және экспорт салаларына қатты қысым түсіргеніне қарамастан, Мәскеу тиісті саясат пен шаралар қабылдау арқылы санкциялардың теріс әсерін барынша азайта алды.