Байденнің тағы бір қателігі: Ресейде Javelin зымыраны бар
Maм 04, 2022 22:36 Asia/Almaty
АҚШ Президенті тағы да шатасып, Украина деудің орнына: «Ресейде танкке қарсы Javelin зымырандары бар»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Джо Байден сейсенбі күні танкке қарсы Javelin зымырандарын шығаратын Lockheed Martin әуе-ғарыш, әскери құрал-жабдықтар мен ақпараттық қауіпсіздік компаниясының жұмысшылары алдында сөйлеген сөзінде тағы да шатасып, Украина деудің орнына Ресей сөзін қолданды.
Байден: «Ресей Украинаға шабуыл жасағанға дейін АҚШ Ресейдің қорғаныс саласын нығайту үшін Javelin зымырандары мен басқа қару-жарақтарды алғанына көз жеткізді»,-деді.