Байден Украинаға әскери қару-жарақтар жіберуді жылдамдату заңына қол қойды
АҚШ Президенті Джо Байден дүйсенбі күні Украинаға әскери құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар жіберуді жеңілдету және жылдамдату үшін «Несие және ленд-лиз» заңына қол қойды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасып жатқан шақта Байден Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, Германия жеңілген күннің жылдығымен бір мезгілде Украина соғысына қолдау ретінде «Несие және ленд-лиз» заңын қайта іске қосты.
«Несие және ленд-лиз» заңы бойынша бұрын АҚШ үкіметі Германия және оның одақтастарымен соғысып жатқан елдерге әскери құрал-жабдықтар мен қару-жарақтарды несиеге немесе жалға бере алатын болған.
АҚШ Президенті Конгрестен Украинаға көмек ретінде тағы 33 млрд доллар сұрады. Оның бірнеше миллиард доллары қауіпсіздік саласында көмек беруге жұмсалады.