Сәу 24, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Американың Мичиган штатында болған атыста 5 адам жараланды

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Американың Мичиган штатының Флинт қаласында болған болған атыста 5 адам жараланған. Жаралы жандардың бірінің халы мүшкіл көрінеді.

Сенбі күні де Американың Висконсин штатының солтүстігіндегі Антиго аймағындағы бір орта мектепте атыс болды. Соның салдарынан 3 кісі жараланды. Америкада жылына 33 мың адам қарумен өлтіріледі. Бұл күніне 90 адам қару оғынан қазаға ұшырайды дегенді білдіреді.

Тегтер