Украинадағы жағдай
Луганск облысындағы Украинаның соңғы әскери базасы Ресейдің бақылауына өтті.
Ресей армиясы Украинаның шығысында Северодонецк қаласын толық бақылауға алды. Бұл қала Украинаның Луганск облысындағы соңғы әскери базасы саналған. Украина үкіметіне қарасты Луганск әкімі: "Осы ел армиясы Северодонецк қаласында көп шығынға ұшырады. Бірақ қаланың айналасында соғыс жалғасып жатыр",-деді.
Ресей армиясының Украина шығысындағы ілгерілеушілігі арта түскеніне қарамастан, еуропалықтардың Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін бекіту туралы кеңесі нәтижесіз аяқталды. Кеше де олар Ресей мұнайына санкция салу туралы сөйлесті. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей мұнайына санкция салуға талпыныстар сөз жүзінде ғана қалды.