Иранның Мәдениет министрі Канн кинофестивалінің біліксіз әрекетіне реакция білдірді
Жексенбі күні Канн кинофестивалі кәсібиліктен тыс саяси әрекет жасап, өз жүлделерінің бірін исламдық-ирандық құндылықтарға сәйкес келмейтін әлсіз фильмге берді. Бұл әрекет халықаралық сыншылардың да қатаң реакциясына ұшырады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммедмехди Исмаили Канн фестивалінің ирандық әртіске жүлде бергеніне реакциясында: "Біз Иранның абыройы мен қауіпсіздігін сақтау үшін жан қиғандарды қадірлейтін өнер адамдарын құрметтейміз",-деді.
Исмаили: "Иран саясиланған фестивальдердің жылтырағы мен шетелдік жалдамалы ақпарат құралдарының жарнамасына алданбай, өзінің қаһарман халқының асқақ армандарына қызмет ететін өнер иелерін құрметтейді",-деді.