Амир Абдуллахиан Киев пен Мәскеуді соғысты доғаруға шақырды
(last modified Mon, 30 May 2022 15:03:20 GMT )
Maм 30, 2022 21:03 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Киев пен Мәскеуді соғысты доғаруға шақырды

Иран Сыртқы істер министрі өзінің фин әріптесімен сұхбатында: «Иран соғысқа қарсы, сондықтан Киев пен Мәскеуді соғысты доғаруға шақырады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күні хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Пекка Хаависто екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық өзгерістер, соның ішінде Украина дағдарысы жайлы сұхбаттасып, пікір алмасты.

Амир Абдуллахиан АҚШ-тың шешім қабылдамай отырғанын сынап, Теһранның жақсы, мықты та тұрақты келісімге келуге дайын екенін айтты.

Финляндия Сыртқы істер министрі де осы сұхбатта Вена келіссөздерінде жақсы келісім жасалатынына үміт білдірді.

Ол Украина дағдарысы туралы: «Түрлі елдер, соның ішінде Иранның көмегімен Ресей-Украина диалогын өткізу осы дағдарысты бейбіт жолмен шешуге септігін тигізеді»,-деп үміт білдірді.