Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Тәжікстанның Ауғанстан жағдайы туралы алаңдаушылығын қуаттады
(last modified Tue, 31 May 2022 13:52:42 GMT )
Maм 31, 2022 19:52 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Иран мен Тәжікстанның Ауғанстан жағдайы туралы алаңдаушылығын қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен бірге келген делегациямен кездесуінде Иран мен Тәжікстан арасындағы терең тарихи, діни, мәдени және тілдік ұқсастықтарға тоқталып, екі елді туыс және бауыр деп атады.

Аятолла Хаменеи  сондай-ақ Иран мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі аймақтық мәселелер, әсіресе Ауғанстандағы жағдай екенін қуаттап: «Иран мен Тәжікстан Ауғанстанға қатысты алаңдаушылықтары ортақ. Екі ел де лаңкестіктің таралуы мен осы елдегі тәкфиршіл топтардың көбеюіне алаңдаулы»,- деді.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Теһранның көптеген қатысуларына және Ислам революциясының жетекшісімен кездесуіне ризалығын білдіріп,  қауіпсіздік мәселелері, әсіресе Ауғанстан және терроризмнің таралуын екі ел арасындағы маңызды мәселелер деп атап: «Біз Ауғанстанда бейбітшілік пен тыныштық орнатылып, инклюзивті үкіметтің құрылуын қалаймыз және Иран мен Тәжікстанның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының артуымен алаңдаушылықтарды залалсыздандыруға  болады деп сенеміз»,- деді.

Қазіргі уақытта Орталық Азия террористік әрекеттерден туындаған күрделі мәселелерге тап болуда. Иран мен Тәжікстанда қауіпсіздік саласындағы есірткі саудасы, терроризм және экстремизм сияқты бірлескен қауіп бар. Екі ел қазірдің өзінде Ауғанстандағы ДАИШ-тың  күшеюіне қатысты нақты алаңдаушылық білдірді.

Талибан тобы өзінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін және ДАИШ-ты негізгі қауіп ретінде қарастырмайтынын бірнеше рет қуаттады. Бірақ қасиетті Рамазан айының соңғы екі аптасында Ауғанстанда 700-ге жуық адам қаза тапты немесе жараланды, қылмыстардың  көбін ДАИШ өз мойнына алды. Орталық Азия аймағындағы тағы бір күрделі қауіп – есірткі бизнесі. Аймақ үкіметтері, олардың ішінде Иран мен Тәжікстан бұл мәселемен бетпе-бет келуде. Есірткі өндірісі мен заңсыз айналымы лаңкестік топтарды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Тиісінше, Ауғанстандағы есірткі өндірісінің өсуі және оның Еуропа мен АҚШ-қа тасымалдануы Ауғанстанмен ұзақ шекаралас Иран мен Тәжікстанға үлкен қауіп төндіреді. Осылайша, АҚШ-тың Ауғанстандағы жауапсыз саясатынің іске асырылуы мен ДАИШ лаңкестерін Ирак пен Сириядан Ауғанстанға көшіруден кейінгі аймақтағы тұрақсыз қауіпсіздік жағдайы ДАИШ әрекеттері мен басқа да лаңкестік актілерге байланысты. Сондықтан Ауғанстан жағдайы шынайы назар аударуды қажет етеді.

27 мамырда Тәжікстан астанасы Душанбеде Иран, Ресей, Үндістан, Қытай, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның қатысуымен өткен аймақтық қауіпсіздік жөніндегі келіссөздердің төртінші отырысында да инклюзивті үкіметтің құрылуынын қажеттілігі, Ауғанстанның қазіргі билеушісі ретінде «Талибан» қозғалысының лаңкестік топтардың әрекетіне тосқауыл қоюы және көршілес елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіруінің алдын алуы, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымымен күресудегі жауапкершілігі баса айтылды. Иранның пікірінше, лаңкестікпен күресте, соның ішінде Ауғанстанда екіжақты және аймақтық ынтымақтастықты дамытып, нығайту қажет. Революцияның   жетекшісі атап өткендей, бұл Иран мен Тәжікстанның ортақ алаңдаушылығын білдіретін ынтымақтастық бағыттарының бірі.

 

 

 

 

 

Тегтер