Грекия соты АҚШ-тың Иран мұнайын тәркілеу үкімінің күшін жойды
(last modified Thu, 09 Jun 2022 14:41:05 GMT )
Маусым 09, 2022 20:41 Asia/Almaty
  • Грекия соты АҚШ-тың Иран мұнайын тәркілеу үкімінің күшін жойды

Грекия соты АҚШ-қа Грекия жағалауында Иран мұнайын тиеген танкерлерді ұстауға рұқсат беру туралы бұрынғы үкімінің күшін жойды.

Грекия өткен айда Иранның туымен жүрген бір кемені ұстады.

Үш ақпарат көзінің хабарлауынша, Грекиядағы бір сот сәрсенбі күні АҚШ-қа Грекия жағалауында Иран туымен жүрген танкерден мұнайдың бір бөлігін тәркілеу туралы бұрынғы үкімінің күшін жойды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін Иран мұнайын тәркілеу үкімі Иран үкіметінің ашуын тудырған болатын.

Аты аталмауын сұраған бір дереккөзінің хабарлауынша, Иран Грекия сотынан алғашқы үкімін қайта қарауды сұраған болатын.