Иран АҚХА қарарына қарсы
(last modified Thu, 09 Jun 2022 16:33:31 GMT )
Маусым 09, 2022 22:33 Asia/Almaty
  • Иран АҚХА қарарына қарсы

Иранның Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдігінің жетекшісі АҚХА-ның басқарма кеңесінде Иранға қарсы қарардың бекітілуін қатты айыптап, бұған қатысты тиісті шара атқарылатынын айтып: «Иран АҚХА-ға қатысты саясаты мен қатынасын қайта қарауға құқылы»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммадреза Ғаеби қарар қабылданғаннан кейін оны қатты айыптап, АҚХА-не мүше елдердің өкілдеріне: «Иранның агенттікпен ауқымды әріптестік жасап жатқанын ескерсек, осындай қарар арқылы оны агенттікпен әріптестікке шақыру мәнсіз әрі қисынсыз»,-деді.

Ол қарардың қабылдануы кейбір елдердің саяси мақсаттары мен қысымдарының агенттіктің техникалық міндетінен басым түсіп отырғанын көрсететінін айтып: «Бұл қарар жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуына тосқауыл қоятын қорғаныс жүйесінде агенттіктің беделі мен біртұтастығына нұқсан келтіреді. Сондай-ақ кейбір елдердің саяси ерік-жігері мен қысымы агенттікпен қорғаныс саласында шынайы әріптестік жүргізуді әлсірете түседі»,-деді.

Тегтер