Мадуро: Отаршылдық пен империализммен күрес – Иран мен Венесуэланың ортақ мақсаты
(last modified Sat, 11 Jun 2022 10:40:05 GMT )
Маусым 11, 2022 16:40 Asia/Almaty

Венесуэла президенті Иран мен Венесуэланың ортақ мақсаты дүниежүзінде отаршылдық пен империализммен күресу екенін айтты.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Иранға жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық делегацияны бастап сапармен келген Николас Мадуро HispanTV телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Венесуэла мен Иранның империализм мен ұлы державалардан азат әлем құрудың алдыңғы қатарында екенін  қуаттап: «АҚШ-тың әлемге әскери үстемдігінің дәуірі аяқталды»,- деді. Мадуро Иранның еліне жанармай танкерлерін жіберудегі батыл қадамына тоқталып, Теһраннан Каракасқа жанармай жөнелтудің Венесуэла халқына үлкен көмек болғанын айтты. Мадуро: «Иран АҚШ-тың санкциялары мен қоқан-лоққыларына қарамастан Венесуэлаға жанармай жеткізді, бұл маңызды әрекет»,- деді.

Венесуэла президенті Палестинаны адамзаттың ең қасиетті мұраты деп сипаттап: «Палестинаның тарихы таң қалдырады, өйткені онда әртүрлі дін өкілдері бейбіт өмір сүрді»,- деп айтты.