Джалалзаде: Америкалық адам құқығы ондаған миллион адамды құрбан етті
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік жəне сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы: "АҚШ өзінің адам құқығы саясатымен ондаған миллион адамға зиян тигізді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вахид Джалалзаде дүйсенбі күні "Америкалық адам құқығын əшкерелеу жəне 7 тир шəһидтерін еске алу аптасы" штабының үшінші отырысында АҚШ-тың Террорға қарсы соғыс заңына тоқталып: "Əлемде 85 млн-ға жуық адам АҚШ-тың осы заңынан зиян шекті. Ауғанстанда миллиондаған адам босып кетті",-деді.
Джалалзаде АҚШ-тың адам құқығын бұзған жайттарына тоқталып: "АҚШ халқы əлемдегі бүкіл тұрғындардың 5 пайызын құрайды. Алайда əлемдегі тұтқындардың 25 пайызы осы елдің түрмелерінде жатыр. Латынамерикалықтар, əйелдер, қара нәсілділер мен басқаларға қарсы қатыгездік пен зұлымдық күн сайын болады. Бірақ АҚШ өзін жылтыратып көрсетіп, адам құқығын қорғаушымын деп таныстырады",-деді.