Захарова: Батыстықтар Ресейге қарсы 10 мыңнан аса санкция салды
(last modified Thu, 16 Jun 2022 12:09:51 GMT )
Маусым 16, 2022 18:09 Asia/Almaty
  • Захарова: Батыстықтар Ресейге қарсы 10 мыңнан аса санкция салды

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы бүгін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында: «Батыстықтар Ресейге қарсы 10 мыңнан аса санкция салды»,-деді.

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымындағы орны туралы сұраққа жауабында: «Бұл тақырып талқыланбайды. Мәскеу осы ұйымда қалуды қалайды»,-деді.  

Мамандардың сенімінше, Еуроодақтың Ресей мұнайын импорттауға қарсы салған санкциялары Мәскеудің экономикасына олар күткендей әсер етпеді. Бұл санкциялар тек мұнай нарығына қысым түсіріп, мұнай бағасының өсуіне себеп болды.   

Халықаралық энергетика агенттігінің мамыр айындағы мұнай нарығы туралы есебіне сәйкес, Ресейдің ай сайын мұнайдан түсетін табысы осы жылдың басынан бүгінге дейін 50 пайызға артып, 20 млрд долларға жетті.

Еуроодаққа мүше елдер Ресей мұнайын экспорттауда ең көп үлеске ие болатын.