Путин Ресейдің басқа елдерге ядролық қауіп төндірмейтінін қуаттады
(last modified Sat, 18 Jun 2022 13:15:05 GMT )
Маусым 18, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Путин Ресейдің басқа елдерге ядролық қауіп төндірмейтінін қуаттады

Ресей президенті Владимир Путин жұма күні Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда Ресейдің ешбір елді ядролық қарумен қорқытпайтынын және оны тек өз егемендігін қорғау үшін қолданатынын мәлімдеді.

 

Путин Батыстың ядролық соғыс және Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы айыптауларына реакция білдіріп: «Мәскеу бұл риторикадан хабардар. Бұл риторика Батыстың мәлімдемелерінен туындайды. Анда-санда осындай сөздерді жауапсыз саясаткерлер айтып, тіпті жоғары лауазымды саясаткерлер, мәселен, сыртқы істер министрліктері деңгейінде осындай мәлімдемелер жасап, шу шығарып жатады»,- деді. Ресей президенті алаңдаушылықтар мен Батыстың, әсіресе Украина соғысының алғашқы күндерінде жүргізген кең таралған психологиялық және үгіт-насихат соғысына және Украинадағы соғыс тығырыққа тірелген немесе НАТО-ның араласуы жағдайында Ресей өзінің ядролық арсеналын пайдаланады деген уәждеріне сілтеме жасады. Бұл алаңдаушылық Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыстың алғашқы күндерінде Ресейдің стратегиялық ядролық күштерін толық дайындықта тұруға бұйрық бергенде туындады.

27 ақпанда Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғаннан кейін үш күн өткен соң Путин Ресей қорғаныс министрі мен Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысымен кездесіп, елдің ядролық тежеу ​​күштерін  толық дайындықта келтіру туралы бұйрық берді.

Бұған дейін Пентагон Конгреске берген жаңа бағасында: «Егер Украина қарсыласуды жалғастыра берсе және Ресейдің әскері азайса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқытуы мүмкін»,- деп мәлімдеген. Дегенмен, Путиннің Ресейдің стратегиялық ядролық күштерін дайындау туралы бұйрығы Украинадағы соғысқа НАТО-АҚШ-тың ықтимал әскери араласуына тосқауыл болды.   Батыстықтар оны келе жатқан қауіп сияқты көрсетуге тырысуда.

Батыстың, әсіресе АҚШ-тың айыптауларына жауап ретінде Ресейдің жоғары лауазымды тұлғалары Мәскеудің ядролық қару қолдану шараларын түсіндірді. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков  2022 жылдың наурыз айының соңында, Ресейдің Украинаға басып кіруінен бір ай өткен соң: «Ресей ядролық қаруды оның өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда ғана қолданады.  Егер елімізге экзистенциалды қауіп төнсе, ядролық арсеналды біздің тұжырымдамамыз бойынша пайдалануға болады»,- деп мәлімдеді. Ресейдің ресми ұстанымы болып табылатын Кремль баспасөз хатшысының бұл сөздерімен Мәскеу басқа елдерді  Ресейдің өмір сүруіне қауіп төнбесе, ядролық қаруды қолданбайды деп сендіруге талпынуда. Алайда бұл кепілдік Батысты онша сендірмейтін сияқты. Әсіресі АҚШ Украинаға соғыс ашып, ядролық күштерін дайындау арқылы Ресейдің халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіруі туралы үгіт-насихат және психологиялық соғысын жалғастыруда. Бұл мәселе Путиннің «бірде-бір елге Ресей тарапынан ядролық қауіп төніп тұрған жоқ,  бірақ Ресей өз егемендігін қорғау үшін өзінің мүмкіндіктерін, соның ішінде ядролық арсеналын пайдалануға дайын»  сөздеріне себеп болды.

Маңызды жайт, Ресейдің стратегиялық ядролық әлеуетін арттыру және оның ядролық арсеналын жаңғыртуға қыруар қаржы бөлу, әсіресе соңғы онжылдықта негізінен Батыстың күшейіп келе жатқан қауіп-қатерлеріне қарсы тұру аясында болып отыр. Ресейдің мақсаты - Батыстың өсіп келе жатқан қауіп-қатерлеріне, әсіресе АҚШ-тың ядролық арсеналын модернизациялауға, сондай-ақ НАТО экспансионизміне және шығысқа қарай бет алып, АҚШ-тың зымыранға қарсы жүйелерін Шығыс Еуропада орналастыруына қарсы тұру.  Сонымен бірге Шығыс Еуропадағы Ресей мен НАТО арасындағы текетірестің күшеюі де Ресейдің ядролық дайындығының артуына ықпал етті.   

 

Тегтер