Ғарибабади: Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау БҰҰ-ның беделіне сызат түсіреді
(last modified Mon, 20 Jun 2022 10:20:54 GMT )
Маусым 20, 2022 16:20 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау БҰҰ-ның беделіне сызат түсіреді

ИИР Адам құқығы штабының хатшысы БҰҰ Бас хатшысының адам құқығы жөніндегі есебіне реакциясында: «Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталау БҰҰ-ның беделіне сызат түсіреді»,-деді.

БҰҰ Бас хатшысы өз есебінде Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты уәждерге сүйеніп, осы елде адам құқығы заңдарының орындалу жағдайын сынға алды.

Казем Ғарибабади Твиттердегі жеке парақшасында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы есебіне реакциясында: «БҰҰ Бас хатшысының ақпаратты Иран үкіметінен алдық деген уәждерін теріске шығаруға Иран көзқарасының 1 пайыздан кемін қамтыған есебіне шолу жасау жеткілікті»,-деп жазды.  

Ғарибабади: «БҰҰ-ның Иран істері жөніндегі баяндамашысы Джавид Рахманның негізсіз уәждерін көшіріп алу осы ұйымның беделіне сызат түсіреді»,-деп жазды.   

Тегтер