Путин Беларуське «Искандер»» зымырандарының жіберілетінін хабарлады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i62066-Путин_Беларуське_Искандер_зымырандарының_жіберілетінін_хабарлады
Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Санкт-Петербургте Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телевизиялық кездесуде Беларуське «Искандер-М» зымырандық кешендері жеткізілетінін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 26, 2022 13:53 Asia/Almaty
  • Путин Беларуське «Искандер»» зымырандарының жіберілетінін хабарлады

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні Санкт-Петербургте Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телевизиялық кездесуде Беларуське «Искандер-М» зымырандық кешендері жеткізілетінін мәлімдеді.

Путин: «Мәскеу бұл жетілдірілген зымыран кешендерін алдағы бірнеше айда Беларуське жібереді»,- деді. Лукашенко да Путиннен  НАТО-ға қарсы тұруға көмектесуге және Беларусь ұшақтарын ядролық қуаттармен жабдықтауды сұрады.