Еуропа мен АҚШ Украинада тұйққа тірелді
«Путиннің жеңілуіне және Ресейдің Украинадағы соғысты жалғастыруының алдын алуға» тиіс санкциялар Еуропадағы газ бағасының 700 пайызға өсуіне, мұнай бағасының 380 долларға жету болжамдарға, американдық қаржы нарықтарының 30 пайызға төмендеуіне және жасыл құрлықта экономикалық дауыл дабылының қағылуына себеп болды.
Урсула фон Дерлейн, Еуропа комиссиясының төрағасы, сәрсенбі күні Францияның Страсбург қаласында орналасқан Еуропарламентте Ресей газын толықтай тоқтату қаупіне байланысты еуроодақта экономикалық дауыл туралы ескертіп: «ЕО Ресей газын толығымен тоқтатуға дайындалу үшін төтенше жоспарларды қажет етеді»,- деді. Бұған дейін АҚШ-тың «JP Morgan» бпнкісінің сарапшылары соңғы бағалауында Ресей күнделікті шикі мұнай өндіруді 5 миллион баррельге азайтса, мұнай бағасы қазіргі 110 доллардан 380 долларға жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Американың қаржы нарықтары жанармай бағасының өсуі мен инфляциядан кейін биылғы жылы индекстің 30 пайызға төмендеуіне тап болды. Financial Times газеті газ бағасының өсуіне байланысты Еуропада электр қуатының бағасы төрт есеге өскенін хабарлады. Bloomberg: «Жарияланған статистикаға сәйкес, Еуропа қазіргі уақытта өткен жылмен салыстырғанда газ бағасының 700% қымбаттауымен бетпе-бет келіп отыр»,- деп мәлімдеді. Энергетика саласындағы қазіргі дағдарыстың басты себептерінің бірі - негізгі энергия өндірушілердің бірі ретінде Ресейге қарсы санкциялардың салынуынан туындаған Украинадағы соғыс. АҚШ пен Еуропа Ресейдің Украинаға шабуылының басталуымен бір мезгілде 24 ақпаннан бері мыңдаған ресейлік мекемелерге, компанияларға және шенеуніктерге санкция салып, бірнеше апта ішінде Ресейді әлемдегі ең санкцияланған елге айналдырды. Санкциялардың мақсаты да айқын болды: Путинді жеңіп, Ресейді Украинадағы соғысты жалғастыруға мәжбүрлеу. Бірақ бұл барлық 5000-нан астам санкцияларға қарамастан Украинадағы соғыс жалғасуда және Ресей Украинаның шығысындағы Луганск облысын толық бақылауға алғанын жариялады. Ресей Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы көптеген стратегиялық аймақтарды өз бақылауына алуымен қатар, энергетика сияқты кейбір салалардағы санкциялар тіпті Ресейдің мүддесіне аяқталды. Халықаралық қуат агенттігі Ресейдің шикі мұнай өндірісінің мамыр айында тәулігіне 10,55 миллион баррельге дейін өскенін хабарлады. Бұл мамырда Ресейдің мұнайдан түскен кірісі сәуірмен салыстырғанда 11 пайызға өсіп, 20 миллиард долларға жуықтағанын көрсетті.