Түркия Одессаның Ресей тарапынан бомбаланғанын мойындамады
(last modified Sun, 24 Jul 2022 14:55:40 GMT )
Шіл 24, 2022 20:55 Asia/Almaty

Түркия Қорғаныс министрі Ресейдің ақпаратына сүйеніп, ресейліктердің Одессаға шабуылын теріске шығарды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, сенбі күні Одесса айлағына зымырандық шабуыл жасалып, қаланың логистикалық инфрақұрылымына зиян тигізілді.

Одесса – Түркияның араағайындығымен және БҰҰ-ның бақылауымен өткен кешегі келісімге сәйкес әлемдік нарыққа астық экспорттала бастайтын үш айлақтың бірі.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияның Қорғаныс министрі Холуси Акар сенбі күні: «Мәскеудің Анкараға мәлімдеуі бойынша, Ресейдің Одесса қаласының бомбалануына ешқандай қатысы жоқ»,-деп мәлімдеді.

Акар: «Түркия Одесса қаласының бомбалануының астық экспорты келісіміне кері әсер ететініне алаңдайды»,-деді.