Ердоған Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыруға бейіл білдірді
Шіл 26, 2022 18:33 Asia/Almaty
Түркия Президенті Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыруға бейілді екенін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған TRT арнасына берген сұхбатында көршілес елдермен сауда туралы: "Көршілес елдермен екіжақты сауда қарым-қатынас пен әріптестік жалғасатын болады. Анкараның мақсаты – Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыру",-деді.
Теһран жуырда Ибрахим Раиси мен Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Иран-Түркия ынтымақтастығы жоғары кеңесінің отырысы өтті.
Теһран мен Анкара Ираннан Түркияға газ экспорты туралы келісімді алдағы 25 жылға ұзартты. Тараптар газ экспортын аттыруды күн тәртібіне қойып отыр.