Шіл 27, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Ташкент отырысының қорытынды мәлімдемесінің басты өзегі – Ауғанстан экономикасын нығайту

Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен «Ауғанстанның қауіпсіздігі және экономикалық дамуы» атты халықаралық отырысқа қатысушылар мәлімдеме жасап: «Ауғанстанның экономикасы елде тұрақты бейбітшілік орнатуға қажетті маңызды фактор ретінде жанданып, нығаюы керек»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы отырысқа қатысушылар өз мәлімдемесінде аймақаралық экономикалық үдерістерде Ауғанстанға көңіл аударып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде бұл елде тасымал дәліздері мен энергетикалық желілерді салу маңызыдылығын баса айтты.  

Осы мәлімдемеде Талибан үкіметіне қарасты Сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Амирхан Моттақидың түрлі лаңкестік топтар, соның ішінде ДАИШ-пен қарым-қатынасын үзгендігі туралы сөздеріне қуаныш білдірілді.

Ташкент отырысына қатысушылар Ауғанстандағы Талибан уақытша үкіметінен елде ұлттық бітім үдерісін толықтыратын ең маңызды шарттардың бірі саналатын әйелдер құқығы мен ауған қыздардың мектепке баруына рұқсат беруді кепілдендіруді сұрады.

 

Тегтер